Футбол

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 31 мамырға дейін жасыл алаңға шықпайды

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 31 мамырға дейін жасыл алаңға шықпайды
news-banner7
mobile-news-top

Ресей футбол одағы мен Ресей Премьер-лигасы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты үзілістің ұзартылатыны туралы хабарлады.

РФС атқарушы комитетінің отырысында үзілісті 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта РПЛ-да 30 турдың 22-сі өтті. Чемпионат 17 мамырда аяқталуы керек еді.

Ал жаңа маусым тамыздың ортасында немесе қыркүйектің ортасында басталады.

Айта кетейік, РПЛ-де үш қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Бактиер Зайнутдинов «Ростовта», Исламбек Қуат «Орынборда» доп тебеді. Ал Акмаль Бахтияров «Сочи» сапында доп тебеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер