Әлем футболы

Месси футбол көгінде жарқырап келе жатқан жұлдыздардың есімдерін атады

Месси футбол көгінде жарқырап келе жатқан жұлдыздардың есімдерін атады
news-banner7
mobile-news-top

Каталониялық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футбол әлемінде танымал болып келе жатқан 15 жас жұлдыздың есімдерін атады. Лео әр футболшыны қысқаша сипаттап шықты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Трент Александр-Арнольд (Ливерпуль) - шабуылда керемет ойнайтын қорғаушы. Болашағы бар.

Кристиан Пулишич (Челси) - ол керемет тепе-теңдік пен ептілікке ие.

Мейсон Маунт (Челси) - менің байқауымша, ол ең үздіктердің бірі бола алады.

Фил Фоден (Манчестер Сити) - Ол ойында таңқаларлық нәрселер жасайды. Үлкен дарын иесі.

Джадон Санчо (Боруссия Дортмунд) - оның қорғаушыларды оңайалдап өтуі таң қалдырады.

Лука Йович («Реал») - мүмкін еместі мүмкін ететін сиқыршы.

Кай Хавертс (Байер) - оның жасын ескеретін болсақ, қарсыласының қақпасы жанындағы әрекеті тамсандырмай қоймайды.

Эдер Милитао («Реал Мадрид») - керемет дарын, қарсылас.

Усман Дембеле (Барселона) - оның жаттығу қарқыны адам қорқытады.

Уссем Ауар («Лион») - ол әрдайым доппен ұстамды қимылдайды, техникасы ерекше.

Фрэнки Де Йонг (Барселона) - мен бұрын-соңды көрмеген, өз жасындағылардың ішінде ең тәжірибелі пас бергіштердің бірі.

Джуан Фелиш (Атлетико) - әлемдегі ең қызықты жас ойыншылардың бірі.

Килиан Мбаппе (ПСЖ) - ол өте жылдам және шабуылдарды қалай аяқтау керектігін біледі. Өте қауіпті ойыншы.

Йозуа Киммих («Бавария») - өте дарынды қорғаушы, әріптестеріне деп кезінде көмек көрсете біледі.

Бенжамен Павар (Бавария) - көп соққы жасай білетін керемет қорғаушы.

Айта кетейік, Месси тізімінде Эрлинг Холландқа («Боруссия» Д) және Goal порталының нұсқасы бойынша маусымның ең үздік жас ойыншысы Бразилия Родриго Гоеске («Реал Мадрид») орын табылған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер