Бокс

Ағылшын боксшысының әкесі коронавирустан көз жұмды

Ағылшын боксшысының әкесі коронавирустан көз жұмды
news-banner7
mobile-news-top

Британдық боксшы Энтони Ярд өзінің Инстаграмдағы парақшасында әкесінің коронавирус ауруынан қайтыс болғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен жеке өмірімнің жария болғанын қаламайтын адаммын. Мен әлі де сене алар емеспін, бірақ бұл адамдарға үйде қалуға көмектеседі деп ойлаймын. Кеше менің әкем осы вирустан қайтыс болды, оның денсаулығы өте мықты еді. Мен дәрігер емеспін, бірақ егер сіз үйде болсаңыз, сізде вирустың таралу немесе жұқтыру мүмкіндігі аз болады. Тәуекелге барудың қажеті жоқ», - деп жазды Ярд.

28 жастағы боксшы 2015 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. Өткен жылы ол WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласқан еді, бірақ ресейлік Сергей Ковалевтен жеңіліп, мансабындағы алғашқы сәтсіздігіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер