Бокс

WBO коронавирусқа байланысты барлық жарыстарды кейінге қалдырды

WBO коронавирусқа байланысты барлық жарыстарды кейінге қалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) коронавирустық пандемияға байланысты кем дегенде маусым айына дейін барлық турнирлер мен жекпе-жектерге тыйым салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алдағы жекпе-жектер туралы маңызды хабарландыру. COVID-19 коронавирусы туындаған қазіргі әлемдік жағдай аясында WBO бокс бойынша барлық шараларды 2020 жылдың маусымына дейін кейінге қалдырды. Біз сіздерді хабарландырып тұрамыз», - делінген хабарламада ұйымның ресми сайтында.

Бұған дейін украиналық боксшы Василий Ломаченконың америкалық Теофимо Лопеспен жекпе-жегі 30 мамырға жоспарланғандығы туралы белгілі болды. Ломаченкоға тиесілі WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының белбеуі болуы керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер