УЕФА Чемпиондар лигасының финалы шегерілді

УЕФА Чемпиондар лигасының финалы шегерілді

УЕФА Еуропа кубоктарының финалдық ойындарының кейінге шегерілгені туралы ресми түрде хабарлады. Коронавирус пандемиясына байланысты ерлер арасындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалдары уақытында өтпейді, деп жазады Prosports.kz порталы.

Чемпиондар лигасының финалы Стамбулда 30 мамырға, Еуропа лигасының финалы 27 мамырға (Гданьск) жоспарланған болатын. Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 24 мамырда Венада өтуі керек еді.

Ресми түрде финалдың жаңа күндері әлі жарияланған жоқ. УЕФА президенті Александр Чеферин басқаратын жұмыс тобы тығырықтар шығатын бірнеше жол іздестіріп жатыр.

Бразилиялық командалар стадиондарын ауруханаға айналдырып жатыр

Көркем гимнастикадан әлем кубогының үш кезеңі кейінге қалды

Испаниядағы кәсіби футбол лигалары белгісіз мерзімге тоқтатылды

NBA коронавирус әсерінен 1 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или