Басқа

Көркем гимнастикадан әлем кубогының үш кезеңі кейінге қалды

Көркем гимнастикадан әлем кубогының үш кезеңі кейінге қалды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан әлем кубогының үш кезеңі кейінге шегерілгенін мәлімдеді.

3-5 сәуір күндері Пезарода (Италия), 10-12 сәуір күндері Ташкентте (Өзбекстан), 24-26 сәуір күндері Бакуде (Әзірбайжан) өтуі тиіс әлем кубогы кезеңдері аталған уақытта өтпейді.

FIG хабарлауынша, Пезародағы кубоктық кезең маусымда өтуі мүмкін.

Ал тағы екі кубоктық кезеңнің өту уақыты белгісіз. Айта кетелік, Киевте өтуі тиіс көркем гимнастикадан Еуропа чемпионаты коронавирус қаупіне байланысты ұйымдастырылмайды

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер