Қазақстан көкпардан Көшпенділер ойындарында Ресейді ойсырата жеңді
Қазақстан көкпары құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы матчында ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің қазіргі чемпионы өткен ойындардың қола жүлдегері Ресей құрамасына еш мүмкіндік қалдырмай, 14:1 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топта Ресей және Венгрия құрамалары да бар.мБұған дейін бірінші турда ресейліктер Венгрия құрамасын 11:1 есебімен сенімді түрде жеңген еді. Жарыс регламентіне сәйкес, үш команданың ішінен үздік екі құрама жартылай финалға жолдама алады.
Ал А тобында Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ауғанстан құрамалары бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или