1XBET - ставки на спорт

Астанада республикалық бәйге жарысы өтті

Астанада республикалық бәйге жарысы өтті

Астана қаласы маңындағы Қазанат атшабарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай республикалық бәйге жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Додаға еліміздің әр өңірінен келген 50-ге жуық сәйгүлік қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес, 9 шақырымдық «Құнан бәйге» жарысы басталды, 16 шақырымдық «Топ бәйге» және 25 шақырымдық «Аламан бәйге» сайыстары өтіп, қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Дүйім жұрт жиналған жарыстың ең тартысты әрі көпшілік асыға күткен сыны – 25 шақырымдық аламан бәйге болды.

Аламан бәйгенің жеңімпазы Астана қаласынан тігілген бас жүлде – бір бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Бас жүлдені Алматы облысынан келген «Бүркіт» атты сәйгүлік иеленді. Ат иесі – Ұлан Умаров, ал шабандозы – Мансұр Әлижан.

Қырғызстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы мәртебе белгілемек

Астанада дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Өзбекстан ат спортынан да озып келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или