Бокс

Сәкен Бибосынов: Жолдамадан айырылып қаламын деген қорқыныш болды

Сәкен Бибосынов: Жолдамадан айырылып қаламын деген қорқыныш болды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Амманда өткен аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов жолдамаға ең соңғы болып қол жеткізді. Ширек финалда Қытай спортшысына жол берген ол лицензия иелену үшін тағы бір жекпе-жек өткізген болатын.

Боксшы турнирдің өзі үшін өте ауыр өткенін айтады.

- Азия аймақтық іріктеу турнирінен жолдамамен оралдым. Бірақ бокс бәсекесі маған ауырға соқты. Күтпеген жерден ширек финалда қытайлық боксшыдан ұтылдым. Жалпы, жеңіл салмақтарда Азия мен Океания елдерінің боксшылары өте мықты саналады. Бірінші кездесуде Азия чемпионы, қырғызстандық Азат Үсенәлиевті жеңдім. Бұл жекпе-жекте бапкерлер тапсырмасын толық орындап, олардың айтқандарына толығымен құлақ астым.

Ал қытайлық спортшыға қарсы өткен кездесуде бапкерім ұстанған тактиканы орындай алмадым. Оның үстіне, қарсыласым да осал емес. Рио Олимпиадасының жүлдегері. Қарсыласымның тәжірибесі үлкен рөл ойнады, оның үстіне, өзім де асығып кеттім. Жеңіліп қалған соң өзімді қоярға жер таппадым. Елге қалай құр қол барамын деген ой мазалай берді. Жанкүйерлерден ұялдым. Алайда, үшінші кездесу алдында жеке бапкеріммен бірге арнайы жоспар құрып, жолдамаға қол жеткіздім.

Шыны керек, осы кезде көзіме қуаныштан жас келді. Өйткені,психологиялық тұрғыдан өзімді мүжи бердім. Жекпе-жекке дейінгі екі-үш күн мүлде өтпейтіндей көрініп, уайымым арта берді. Қытайлықтан ұтылған соң қаншама адамның сын айтқаны да оңай болған жоқ. Дегенмен, қазір бәрі жақсы. Жолдама алған соң көңілім бірленді дей айлмаймын. Себебі, жауапкершілік екі есе артты. Енді Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғауға тырысамын, - дейді Сәкен.

Аммандағы шешуші кездесуде Сәкен Бибосынов филиппиндік спортшыны жеңгенін естеріңізге саламыз.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер