АСА 105. Евгений Егембердиев: Өз елімде тек жеңіске жетуім керек болды
Қазақстандық үздік жекпе-жек шебері Евгений Егембердиев (11-2) Алматыда өткен АСА 105 турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, мәнсабындағы 11-жеңісіне қол жеткізді. «Метис» лақап атымен танымал Егембердиев Underdog спорт агнттігіне берген сұхбатында дүркіреп өткен шараны қорытындылап, сұхбат берді.
Егембердиев Алматыда польшалық Карол Селинскимен кездесті. Жартылай ауыр салмақта (93 келі) өткен жекпе-жек бірінші раундта Евгенидің жеңісімен аяқталды.
- Евгений, дәл осы кездесуде жеңіске жету қаншалықты маңызды еді?
- Соңғы кездесуде жеңіліске ұшыраған соң, өз елімде тек жеңуім керек болды. Біле білсеңіз, жеңіліп қалғаннан кейін, өзіңе деген сенім жоғалады екен. Бұл бір маңызды жеңіс болды. Өз еліңде қарсыласыңа жол бергеннен Аллаһ сақтасын. Халықтың сынына ұшырайсың, бәрі бетіңе басады. Сол кезде сыннан қорытынды шығару немесе бәрін тастау керектігін түсінесің. Әрине, бәріне қол сілтеп кете салу - оңайдың оңайы. Сол үшін жеңісіме қатты қуандым, ары қарай да төбелескім келеді.
- Қазақстандық көрермен үнемі жігерлендіріп отырды. Октагонда өзіңді салмақты ұстау қаншалықты қиын?
- Бұл жолы оны ойламаппын да. Көрермен «алғалап» ұрандаса да, салқынқандылық танытатын едім. Басыммен ойланып, жанкүйерлердің шуылына құлақ аспауды жөн көрдім. Менің өз жоспарым бар еді, сонымен жүрдім. Қарсыласымның кез келген уақытта құлайтынын білдім. Сол үшін жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауым керек деп шештім.
- Игорь Фунтиковтың басшылығымен өткен жаттығу лагерінде өзгерді?
- Иә, жаттығуымызды аздап өзгерттік. Бұл жолы күреске көп мән бердік. Октагонда қарсыласты бағып, оған қысым көрсету арқылы жеңіске жеттім.
Сұхбаттасқан Қанат Рақымжанов