Артем Резников Tapology аймақтық рейтингінде жоғары көтерілді
Қазақстандық аралас жекпе-жектің файтері Артем Резников (21-6), 6 наурызда Алматыда өткен ACA 105 турнирінде Хамзат Аушевті жеңіп, ММА-ны қамтитын ең үлкен ақпараттық ресурстардың бірі - Tapology құрастырған аймақтық рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сонымен, Артем Резников қазіргі таңда жеңіл салмақтағы ММА-ның қазақстандық үздіктерінің қатарында. Одан кейін Ермек Тлауов (16-7) пен Әділ Боранбаев (17-7-1) тұр.
Орта Азияның ең мықты файтерлерінің тізімінде Артем Резников екінші орында, қырғызстандық Абдысалам Кубаныч (15-3) бірінші орынға жайғасқан. Тлауов пен Боранбаев Орталық Азияның Tapology рейтингінде сәйкесінше 3 және 4-орындарда орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или