Live
Спорттағы коронавирус
Beautiful Football

Қазақстан Суперкубогының тарихы

Қазақстан Суперкубогының тарихы

Еліміздегі футбол маусымын Суперкубок ойынымен ашу бірнеше жыл бойы дәстүрге айналды. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы тарихқа енген ойындардың нәтижелерін жанкүйерлердің назарына тағы бір мәрте ұсынады.

1995. Елімай – Восток 2:0
Голдар: Мирошниченко 29 (1:0), Глушков 53 (2:0)
9 қазан. Алматы. «Орталық».
Суперкубок үшін өткен ойындардың тарихы Семей және Шығыс Қазақстан облысының командаларының күзгі тартысынан бастау алды. Алматыда өткен кездесуде екі доп айырмашылығымен ел чемпионы семейлік «Елімай» жеңіске жетті.
 
2008. Тобыл – Ақтөбе 0:2
Голдар: Струков 14 (0:1), Струков 88 (0:2)
2 наурыз. Алматы. «Орталық». 12000 жанкүйер.
Екінші рет ұйымдастырылған суперкубоктың бас жүлдесін бітіспес қарсыластар «Ақтөбе» мен «Тобыл» сарапқа салды. Шабуылшы Сергей Струковтың соққан қос голы «Ақтөбеге» жеңіс әкелді.
 
2010. Ақтөбе – Атырау 2:0
Голдар: Струков 42 (1:0), Аверченко 80 (2:0)
14 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена». 8000 жанкүйер.
Ел суперкубогының екі дүркін жеңімпазы атағын «Ақтөбе» футболшылары иеленді. Жаңадан салынған «Астана Арена» стадионында Владимир Муханов шәкірттері «Атыраудың» қақпасына жауапсыз екі доп соқты.
 
2011. Тобыл – Локомотив 1:2
Голдар: Бугаев 15 (0:1), Кислицын 54 (1:1), Бугаев - пенальти 60 (1:2)
2 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена».
Қостанайлықтар жүлдеге екінші рет таласқа түскенімен, табысқа қол жеткізе алмады. Елордалық «Локомотив» те бас жүлдеден дәмелі еді. Молдовалық шабуылшы Игорь Бугаев «Тобыл» қақпасына екі рет тура соққы бағыттады. Жауап қайтарған Александр Кислицын бір голмен шектелді.
 
2012. Шахтер – Ордабасы 0:1
Гол: Әшірбеков 58
6 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена». 12000 жанкүйер.
2012 жылы «Шахтер» мен «Ордабасы» клубтары алғаш рет Суперкубок үшін таласқа түсті. Тартысты өткен кездесудің тағдырын шымкенттік команданың капитаны Қайрат Әшірбеков соққан гол шешті.
 
2013. Шахтер – Астана 3:2
Голдар: Байжанов 55 (1:0), Порываев 60 (2:0), Кетевоама 64 (2:1), Остапенко 90 (2:2), Көкеев 117 (3:2)
3 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена». 11200 жанкүйер.
Бір жылдан соң «Шахтер» алға қойған мақсатына маңдай термен жетті. «Астанамен» өткен аса тартысты бәсекеде «кеншілердің» вингері Жамбыл Көкеевтің қосымша уақытта жеңіс голын соқты.  
 
2014. Ақтөбе – Шахтер 1:0
Гол: Неко 68
9 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена». 14000 жанкүйер.  
«Ақтөбе» футболшылары Қазақстан Суперкубогында үшінші жеңісін «Шахтермен» өткен ойында тойлады. Кеншілер де маңызды турнирге үшінші рет қатысқан еді. Екі жақта шабуылға жиі иек артқанымен, теңбіл доп қақпа торынан табылмай-ақ қойды. Тек «ақ-қызылдардың» бразилиялық ойыншысы
Неко ғана көзге түсе алды.
 
2015. Астана – Қайрат 0:0, қосымша уақыт 0:0, пен. 3:2
1 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена». 20000 жанкүйер.
«Астана» мен «Қайрат» арасындағы ойынның негізгі уақытында таразы басы тең аяқталды. Матч соңындағы пенальти сериясында елордалық футболшылардың мерейі үстем болды.
 
2016. Астана – Қайрат 0:0,қосымша уақыт 0:0, пен. 4:5
8 марта. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена». 14500 жанкүйер.
«Астана» мен «Қайрат» арасындағы кезекті бәсеке өткен жылғы ойынға өте ұқсас болды. Қорғанысты бұза алмаған қос команда ойын ақталған соң пенальти сериясына жүгінді. Бұл жолы қарымта қайтарған «Қайрат» бас жүлдені көкке көтерді.
 
2017. Қайрат – Астана 2:0
Голдар: Арзо 77 (0:1), Қуат 90+3 (0:2)
4 наурыз. Алматы. «Орталық». 13500 жанкүйер.
2017 жылы Алматыда өткен Суперкубок матчында «Қайрат» пен «Астана» тағы жолықты. Бұл жолы жеңімпаз ойынның негізгі уақытында анықталдыү Алматылық футболшылар 2:0 есебімен жеңдіү Сезар Арзо есеп ашса, Исламбек Қуат ойын нүктесін қойды.
 
2018. Астана – Қайрат 3:0
Голдар: Маевский 59 (1:0), Томасов 62 (2:0), Томасов 67 (3:0)
4 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена». 12500 жанкүйер.
Қазақстан Суперкубогының соңғы сынында елордалық футболшылар алматылық «Қайраттан» басым түсті. Есепті ашқан Иван Маевский еді. Бес минут ішінде екі рет дәлдік танытқан – Марин Томасов. «Астана» үшініш рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
 
2019. Астана – Қайрат 2:0
Голдар: Кабананга 7 (1:0), Кабананга 66 (2:0)
3 наурыз. Алматы. «Орталық». 16000 жанкүйер.
Бір жыл бұрын футбол маусымын тағы да «Астана» мен «Қайрат» ашты. Алматы қаласындағы ойын тартысқа толы болды. Шабуылшы Джуниор Кабананга әр таймда бір-бірден гол соғып, елордалықтар жеңімпаз атанды. 
Түпнұсқасы: pflk.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0