Қазақстанда UFC турнирі өтеді

Қазақстанда UFC турнирі өтеді

24 ақпанда Алматы қаласында Arlan MMA Pro Team ұйымы баспасөз мәслихатын өткізді. Жақында ғана UFC ұйымымен келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов Prosports.kz сайтының тілшісіне UFC-мен келісімшарты туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жалғастың айтуынша 1 жылдың ішінде 4 жекпе-жек өткізеді. Бірінші жекпе-жегін Нұр-Сұлтан қаласында өткізуді жоспарлап отыр. UFC ұйымы жақын арада 16 маусымда Нұр-Сұлтанда өтетін турнир жайлы ресми хабарлама жасайды дейді.

«Қазіргі кезде АҚШ-қа визаны  күтіп отырмын. АҚШ-та әлемнің үздік файтерлерімен спарринг өткізгім келеді. Қазақстанда да дайындығымды тоқтатпаймын. Елімізде де жақсы спортшылар бар. Мен әрқашан өзімнің бауырым Сергей Морозовпен жаттығу жасап, жекпе-жектеріме дайындаламын. UFC-де қазақтардың қандай батыр екендігін көрсеткім келеді, бұйыртса UFC чемпионы атанып, тарихта қалу ойымда бар», - деді Жұмағұлов.

Естеріңізге салатын болсақ Жалғас Жұмағұлов 20 ақпанда UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойды.

UFC-де екінші қазақстандық: Жалғас Жұмағұлов ұйыммен келісімшартқа отырды

Жалғас Жұмағұлов - мінезді жауынгер

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или