Қазақстандық ММА федерациясы мен Arlan MMA Pro Team командасы әріптес атанды

Қазақстандық ММА федерациясы мен Arlan MMA Pro Team командасы әріптес атанды

2020 жылдың 17 ақпанында Алматы қаласында Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясының ұйымдастыруымен еліміздегі ММА аралас жекпе-жек спортының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды, Prosports.kz.

Аталған баспасөз мәслихатында федерация өкілдері ресейлік М-1 Global ұжымының ұйымдастыруымен өткен байқауда үздік болып танылған спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 19 желтоқсанынан бастап М-1 Глобал ұжымы өз сайттарында
- «Жыл спортшысы»
- «Жыл серпілісі»
- «Үздік жекпе-жек»
- «Жыл сабмишні»
- «Жыл жаттықтырушысы»
- «Жыл нокауты»
сынды номинациялар арқылы жылдың үздіктерін таңдауды бастаған болатын. Онлайн байқау қорытындысы бойынша жерлестеріміз ең жеңіл салмақтағы М-1 Global лигасының уақытша чемпионы - Асу Алмабаев «Жыл серпілісі 2019» номинациясының жеңімпазы атанса, жеңіл салмақтағы М-1 Global лигасының чемпионы Сергей Морозов - «Жыл спортшысы-2019» номинациясының жеңімпазы, ал ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Баян Маратұлы Жанғалов «2019 жыл жаттықтырушысы» номинациясының иегері ретінде танылды.

Баспасөз мәслихатында тағы бір талқыланған мәселе 2020 жылғы ҚР ММА-дан ұлттық құрамасының жоспары және еліміздегі белгілі спорттық ұйым Arlan MMA Pro Team кәсіби жекпе-жек командасы мен «Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы» РҚБ-ның бірлескен жоспарлары туралы болды.
Іс-шараға «Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы» РҚБ бас директоры Валихан Тен, Arlan MMA Pro Team кәсіби жекпе-жек командасының директоры Төлеген Құмаров, Қазақстандық ММА спортындағы жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или