Live
Спорттағы коронавирус
Бокс

Промоутер Головкиннің алғашқы кездесуі туралы: Фанаттар Қазақстанның қайда орналасқанын білмейтін

Промоутер Головкиннің алғашқы кездесуі туралы: Фанаттар Қазақстанның қайда орналасқанын білмейтін

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы профи-бокстағы жолын қалай бастағанын еске алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Геннадийге, оның менеджерлері мен жаттықтырушысына оның кіммен жекпе-жекке шығатыны бәрібір еді. Соңында ол Еуропа чемпионы, поляк Гжегож Проксамен жұдырықтасты. Головкин HBO-да бірден әсерлі айқас өткізді. Оның құпияларының бірі – ол рингке шыққан сайын жекпе-жегін жетілдіре түсіп, алға қадам жасап отырды. Головкин «Гарден» мен HBO-дағы (телеарна) алғашқы кездесуде қысым болатынын білді, бірақ ерекше перфоманс көрсетті. Нәтижесінде HBO жазылушыларының бәрі оны тағы да рингте көргісі келді. Көптеген фанаттар, тіпті HBO адамдары да Қазақстанның қай жерде екенін білмеді. Геннадийдің ағылшыны да онша емес еді», - деді Леффлер.

АҚШ-тағы алғашқы айқасын Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 2012 жылдың 1 қыркүйегінде Гжегож Проксаға (29-4, 21 КО) қарсы өткізген еді. Головкин бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулерін қорғап қалды.

Головкин жайлы:

Головкин мен Андраде кездессе, кім жеңеді?

Деревянченко: Головкиннен жеңілген жоқпын

Головкин 2020 жылдағы алғашқы жекпе-жегіне дайындықты бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0