Бокс

Деревянченко: Головкиннен жеңілген жоқпын

Деревянченко: Головкиннен жеңілген жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшіноөткен жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) жеңілмегенін айтады, деп хабарлайды Prosports.kz Sportarena.com сайтына сілтеме жасап.

«Головкинмен өткен жекпе-жек - кәсіби мансабымдағы ең айтулысы. Алда әлі көптеген кездесулер бар. Мен жеңілген жоқпын деп ойлаймын. Бірақ мен Головкинмен болған жекпе-жекті тамашалаған жоқпын. Әзірге дайын емеспін, өйткені мен уайымдап кетемін. Мен Джейкобс пен Кулькаймен болған жекпе-жегімді мүлде көрмедім Эмоцияға беріліп, алаңдаймын», - деді 34 жастағы украиналық Youtube желісіндегі Физ Культура арнасына берген сұхбатын

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 6 қазанында Сергей Деревянченко төрешілердің бірауызды шешімімен Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған еді (14: 113, 115: 112, 116: 112).

Фото: bigmir.net

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер