«Қайрат» Польша құрамасының футболшысымен толықты

«Қайрат» Польша құрамасының футболшысымен толықты
news-banner7
mobile-news-top

Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский алматылық «Қайратпен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт 3 жылға есептелген.

Гуральскийдің кәсіпқой футболдағы мансабын 2010 жылы Быдгощ қаласындағы «Завиш» клубында бастады. Ол сонымен қатар короноволық «Виктория», плоцктік «Висла», «Ягелония» және «Лудогорец» командаларының намысын қорғады. «Лудогорец» сапында Чемпиондар лигасында ойнады.

Ол 2016 жылдан бері Польша құрамасының мүшесі. 2018 жылы ол Әлем біріншілігіне қатысты.

Туған күні: 21 қыркүйек 1992 жыл

Бойы: 172 см

Салмағы: 66 келі

Алаңдағы орыны: жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Польша

Камо Оганесян «Қайрат» ойыншысы атанды

«Қайрат» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер