Камо Оганесян «Қайрат» ойыншысы атанды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесянмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды prosports.kz алматылық команданың сайтына сілтеме жасай отырып.

Камо Оганесян армениялық «Пюник» футбол клубының түлегі. Еревандық команда сапында 200 астам кездесу өткізіп, 32 гол соққан.

Оганесян Армения ұлттық құрамасы сапында 50 матчқа қатысқан.
Соңғы екі маусымда талдықорғандық «Жетісудың» намысын қорғаған болатын. Ол жақта 58 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 7 нәтижелі пас авторы атанған.

Камо Оганесян «Қайрат» футбол клубымен екі жылдық келісімшартқа отырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или