Live
Спорттағы коронавирус
Қазақстан футболы

«Шахтер» Шацкий мен Өміртаевқа жаңа келісімшарт ұсынған

«Шахтер» Шацкий мен Өміртаевқа жаңа келісімшарт ұсынған

«Шахтер» футбол клубы қақпашы Игорь Шацкий мен шабуылшы Оралхан Өміртаевты командада алып қалуға тырысқан, деп жазады Prosports.kz.

Қарағандылық клуб сапындағы дереккөздің айтуынша, ойыншыларға жаңа келісімшарттар ұсынылыған. Мысалы, клуб Шацкийге үш жылға жарамды келісімшарт ұсынған. Алайда екі ойыншы да «Тоболдың» ұсынысына қызығып, қостанайлық клубты таңдаған.

Сонымен қатар, қарағандылықтар Өміртаевтың трансферінен белгілі мөлшерде өтемақы алған. Әрі «Шахтер» басшылығы бұл сома қосалқы құрам ойыншысы үшін лайықты деп санайды. Айта кетейік, Transfermarkt.de порталы 21 жастағы Оралханды 350 мың еуроға бағалайды.

Исламхан «Зенитке» ауысады

Ян Вороговский: Бельгия мен Австрияның жоғарғы лигаларында маған сұраныс бар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0