«Қайсар» украиналық қорғаушыны қатарға қосты

«Қайсар» украиналық қорғаушыны қатарға қосты

«Қайсар» футбол клубы украиналық қорғаушы Ризван Аблитаровпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы футболшы қызылордалық клубқа ауысқанға дейін екі жарым жыл бойы «Атырау» сапында доп тепті. 2019 жылғы маусымда Аблитаров Қазақстан Премьер лигасы аясында 30 ойынға қатысып, екі гол соқты. Сондай-ақ ол Қазақстан Кубогында 4 гол соқты.

Еске сала кетейік, қызылордалық «Қайсар» алғашқы ресми матчын 2020 жылы 29 ақпанда өткізеді. Қазақстан суперкубогы үшін ойында «қасқырлар» «Астанмен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или