«Қайсар» «Фейеноордтың» түлегін қатарға қосты
Қызылордалық «Қайсар» жартылай қорғаушы Алвин Фортеспен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
<span>Алвин Фортес - «Фейеноорд» клубының түлегі. Кабо Верде құрамасының ойыншысы 1994 жылы 25 сәуірде дүниеге келген. </span>
<span>Алвин мансабында «ПС Кеми», «Валвейк», «Йонг Витесс», «Осс», «Болуспор», «Вероя», «Збройовка Брно», «Дила» секілді командаларда доп тепкен. Алаңға 111 мәрте шығып, 18 рет мергендігімен көзге көрінген. </span>
<span>«Қайсарға» дейін Грузия біріншілігіндегі «Дила» командасының намысын қорғап, 34 мәрте ойынға атсалысып, 8 гол соққан. Алаңда жартылай қорғаушы қызметін атқарады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или