«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы украиналық клубқа ауысты

«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы украиналық клубқа ауысты

Украиналық жартылай қорғаушы Кирилл Петров «Колос» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz «Динамоманияға» сілтеме жасап.

Бұған дейін Петров «Нефтчи» сапында ойнап, осы маусымда 11 матч өткізген.

29 жастағы Кирилл Украинада  «Динамо», Кривбасс, Говерлу, Арсенал-Киев, Олимпик командаларында доп теуіп, шетелде польшалық «Корона» мен шымкенттік «Ордабасыда» да бақ сынап көрді.

Естеріңізге сала кетейік, Петров 2009 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған Украина U-19 құрамасының капитаны болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или