Әлем футболы

«Сити» сырт алаңда «Астон Вилла» қақпасына алты гол соқты

«Сити» сырт алаңда «Астон Вилла» қақпасына алты гол соқты
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын Премьер-лигасының 22-ші турында «Манчестер Сити» маусымдағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пеп Гвардиола командасы «Астон Вилланы» түзде 6:1 есебімен ұтты. Серхио Агуэро хет-трик авторы атанды.

22-ші тур қорытындысы бойынша 47 ұпай жинаған АПЛ-дың өткен маусымдағы чемпиондары турнир кестесінде «Лестер Ситиді» бір ұпайға басып озып, екінші орынға көтерілді. Ал бірінші орындағы «Ливерпульден» 14 ұпайға қалып келеді.

«Астон Вилла» - «Манчестер Сити» - 1:6

Гол соққандар: Махрез, 18 (0:1); Махрез, 24 (0:2); Агуэро, 28 (0:3); Жезус, 45+1 (0:4); Агуэро, 57 (0:5); Агуэро, 81 (0:6); Эль-Гази, 90+1 пен. (1:6)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер