Хоккей

«Барыс» елордада «Локомотивті» жеңді

«Барыс» елордада «Локомотивті» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дің кезекті турында Ярославльдің «Локомотив» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс Аренада» өткен ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, матч овертаймға ұласты. Қосымша уақытта алаң қожайындары сапынан Сағадиев шайба соғып, командасын жеңіске жетеледі.

Андрея Скабелка шәкірттері екі күнде қатарынан екі ойын өткізіп отыр. Кеше өз айдынында омбылық «Авангардтан» жеңілген еді. Ал бүгін «Локомотивті» жеңіп, екі ұпай еншіледі.

Айта кетейік, «Локомотив» елордалықтар үшін қолайсыз қарсыластардың бірі. «Барыс» бұл команданы бұған дейін 2017 жылы 27 қыркүйекте жеңген болатын.

«Барыс» - «Локомотив» - 4:3, (2:0, 2:1, 0:1, 1:0)

Шайба соққандар:

1:0 — 07:58 Михайлис (Шестаков, Блэкер).
2:0 — 19:59 Найт (Охтамаа, Виделль).
2:1 — 20:23 Ландер.
3:1 — 30:54 Бойд (Михайлис, Блэкер).
3:2 — 31:43 Рафиков (Пяярви-Свенссон).
3:3 — 45:44 Да Коста (Ландер).
4:3 — 62:60 Сагадеев (Гурков, Старченко).

Қақпашылар: Карлссон — Лазушин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер