«Барыс» - «Авангард» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Авангард» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 11 қаңтарда елордалық «Барыс» бес күн бұрын кездескен Омбының «Авангардымен» тағы ойнайды. Барыстықтар бұл жолы қарсыласын өз алаңында қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

6 қаңтарда «Барыс» командасы Балашихада «Авангардты» 3:2 есебімен жеңген боатын. Дәл осындай нәтиже 9 желтоқсанда өткен ойында да тіркелді. Астаналық клуб үшінші рет жеңіске жете ала ма?

Омбылықтар әрине, қарымта қайтаруды көздейді, бірақ «Барыс» қарап қалмас, себебі Андрей Скабелка командасы «Авангардты» жеңсе, Шығыс конференциясы турнир кестесінде екінші орынға көтеріледі және Чернышев дивизионында көшбасшы атанады.

«Барыс» - «Авангард» кездесуінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16:20-да басталады. Матчты мына СІЛТЕМЕ бойынша тамашалауға болады.

Фото: hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или