Бокс

Инсайдер Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жария етті

Инсайдер Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жария етті
news-banner7
mobile-news-top

The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) жекпе-жегі туралы соңғы мәліметтер туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ақпарат көздеріме сенсек, Геннадий Головкин өзінің белбеулерін қорғау үшін 28 наурыз күні Чикагода міндетті бәсекелес Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс, бірақ бұл әлі расталған жоқ», - деп жазады Коппинджер Twitter желісіндегі жеке парақшасында.

Еске сала кетелік, өткен жылдың қазан айының басында Нью-Йоркте Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер