Даррен Диц екі ойынға жазаланды
Құрлықтық хоккей лигасының спорттық-тәртіптік комитеті «Нефтехимик» - «Барыс» матчының эпизодын қарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лига 1.3.2-тармаққа сәйкес қорғаушы Даррен Дицке берілген жазаны өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдады. КХЛ Тәртіп ережелерінің 27 бабы (басына немесе мойнына шабуыл), екі матчтан шеттетіліп, айыппұл салынады.
«Барыс» капитаны өз командасына омбылық <span>«Авангард»</span> пен ярославльдік <span>«Локомотивке»</span> қарсы ойындарда көмектесе алмайды.
Еске салайық, 8 қаңтарда өткен «Нефтехимик» - «Барыс» (1:5) матчының 48-минутында Даррен Диц нижнекамсктік команданың ойыншысын шынтағымен ұрып, нәтижесінде ойынның соңына дейін мұз айдынынан қуылған еді (5 + 20).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или