Грузия чемпионатының сұрмергені «Ертіске» ауысады
Грузиялық «Динамо» командасы шабуылшы Леван Куталиямен қоштасқаны туралы ресми мәлімдеді.
Биылғы маусымда 20 гол соққан шабуылшы Грузия чемпионатының сұрмергені атанған. Леван Куталия қазіргі командасы «Динамомен» келісімшартын ұзартудан бас тартып, қазақстандық «Ертіспен» оқу-жаттығу жиынына қатысуды шешкен.
Transfermarkt грузиялық шабуылшыны 300 мың еуроға бағалаған. Бұған дейін ол Грузияда «Торпедо», «Шукуру» және «Зугдиди» командаларында доп тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или