Серікжан Мұжықов «Астанамен» қош айтысты

Серікжан Мұжықов «Астанамен» қош айтысты

«Астананың» жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов еңбек келісім-шарты аяқталғаннан кейін, клубпен қош айтысты, деп хабарлайды Prosports.kz нұрсұлтандық команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұжықов  «Астана» сапында 2014 жылдан бері доп тепті, содан кейін «Қайсарға» ауысып, артынша  елордаға қайта оралды.  Осы уақыт аралығында Серікжан  «Астана» клубымен 189 матч өткізді және 19 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген.

Серікжан бірнеше рет  Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады, сондай-ақ  алты дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Фото: kazfootball.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или