«Тараз» футбол командасы алғашқы жаттығу жиынын Қазақстанда бастайды

«Тараз» футбол командасы алғашқы жаттығу жиынын Қазақстанда бастайды

«Тараз» футбол командасы оқу-жаттығу жиынын қайта бастады, деп хабарлайды Prosprots.kz клуб сайтына сілтеме жасап.

Тараздықтар алғашқы оқу-жаттығу жиындарын жаңартылған базада өткізеді, оған барлық жергілікті футболшылар - былтырғы құрам ойыншылары қатысады. Сондай-ақ жастар комадасындағы бірнеше ойыншы қосылды.

«Ұзақ үзілістен кейін, біз ойыншыларға біртіндеп дене бітімін қалпына келтіруге мүмкіндік береміз, олар өздері қалыпты формада сезінулері тиіс. Әзірге ауыр жаттығулар жоқ, жаттығу жиындарының ортасына қарай оны да бастаймыз», - деді команданың бас жаттықтырушысы Нұрмат Мирзабаев.

Айта кетелік, клуб ойышылары Қазақстанда 13 қаңтарға дейін жаттығады, содан кейін екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуге шетелге барады, алайда ақты қайда баратыдығы әлі белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или