Хан Чжон Ву «Қайраттың» оқу-жаттығу жиынына шақыру алған жоқ
«Қайрат» футбол клубы 2020 жылғы бірінші оқу-жаттығу жиынына қатысатын футболшылар тізімін жаариялаған болатын, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тізімде оңтүстіккореялық жартылай қорғаушы Хан Чжон Ву жоқ болып шықты. 21 жастағы ойыншының Алматыда өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақыру алмағанына қарағанда, команда сапында қалмайтын секілді.
Айта кетейік, Хан Чжон Ву «Қайратқа» 2019 жылдың қаңтарында ауысып келген. Бірақ өткен маусымда Премьер-лигада бар болғаны бес матчқа ғана қатысты.
Алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар:
Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко, Динмухаммед Жомарт.
Қорғаушылар: Дино Миканович, Сергей Кейлер, Раде Дугалич, Нуралы Алип, Гафуржан Суюмбаев, Нурлан Даиров, Дамир Касабулат.
Жартылай қорғаушылар: Айбол Абикен, Бауыржан Исламхан, Еркебулан Сейдахмет, Конрад Вржещиньский, Рамазан Оразов, Небойша Косович, Еркебулан Тунгышбаев, Султанбек Астанов, Адам Адахаджиев, Рифат Нурмугамет, Ибрагим Дадаев.
Шабуылшылар: Адеринсола Эсеола, Вячеслав Швырёв, Артур Шушеначев, Самат Сарсенов.