ҚПЛ-ге Беларусь футболшысы ауысып келеді

ҚПЛ-ге Беларусь футболшысы ауысып келеді

«Витебск» клубының қорғаушысы Артем Скитов мансабын қазақстандық клубта жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz Беларусь клубының сайтына сілтеме жасап.

«Қандай келісімге келдік? Біз мұны оның жаңа клубы бұл туралы хабарлайды деп келістік. Артем Скитов өзін Қазақстанда сынап көргісі келеді», - деді Витебск директоры Николай Витюховский.

Айта кетелік, Скитов - оң жақ қапталда ойнайтын қорғаушы. 28 жастағы ойыншы Беларусь құрамасының тәрбиеленушісі және өзінің мансабында ешқашан басқа жерде ойнаған емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или