Бокс

Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты

Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) 31 желтоқсанда барлық салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшылар арасынан ең үздік нәтижені Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) көрсетті. Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос өз салмағында екінші сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, Ербосынұлы 21 желтоқсанда венесуэлалық Омар Гарсияны жеңіп, WBA International, WBO Global және WBC Asia титулдарын қорғап қалған болатын.

Ал Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5KO) жартылай орта салмақта бір саты төмендеп, 7-ші орынға жайғасты. Ол жарақатына байланысты желтоқсанда WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF австралиялық титулдарын қорғайтын жекпе-жегін өткізген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер