Дычко Жаңа жылды туған жерінде өткізді

Дычко Жаңа жылды туған жерінде өткізді

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (9-0, 9 КО) Жаңа жылды өзінің туған қаласы Рудныйда атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өтіп бара жатқан 2019 жыл соңындағы боксшылар арасындағы дәстүрлі баскетбол», - деп жазды Дычко өзінің Инстаграмында өткен жылды қалай өткізгені туралы жариялап.

Еске салайық, 2019 жылы Иван Дычко кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізді. 10 мамырда Голливудтағы (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock қонақ үйі мен Казино аренасында ол америкалық Рэй Остинді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді, ал 12 шілдеде Дычко екінші раундта тағы бір американдық боксшы Нейт Хейвенді нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или