Тьерри Анри "Барселонаны" тізгіндеуі мүмкін

Тьерри Анри "Барселонаны" тізгіндеуі мүмкін

"Монреаль Импэкт" командасының бас бапкері Тьерри Анри өзі ойнаған каталониялық "Барселона" футбол клубын тізгіндеуі мүмкін үміткерлердің қатарында, деп хабаралйды prosports.kz  шетелдік sport.es. сілтеме көрсете отырып. 

42 жасар француз маманы қараша айының ортасында "Монреаль Импэкт" командасының тізгінін ұстады. Оған дейін франциялық "Монако" футбол клубын жаттықтырған. Анри қазіргі кезде каталониялық клубтағы Эрнесто Вальвердені ауыстыратын бірден- бір үміткер десек болады. 

Анри 2007 мен 2010 жылдар аралығында "Барселона" сапында өнер көрсеткен. Қазіргі кезде "Барселона" сапындағы біраз  ойыншыларымен жақсы қарым қатынаста.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или