Әлем футболы

Globe Soccer Awards марапаты Роналдуға бұйырды

Globe Soccer Awards марапаты Роналдуға бұйырды

Кеше Біріккен Араб Әмірліктері астанасы Дубайда Globe Soccer Awards марапатын ресми табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш марапатты құрылтайшылары Еуропа клубтары қауымдастығы және Еуропа футбол агенттері қауымдастығы саналады және олар биыл да туриндік «Ювентус» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуды үздік деп таныды. 34 жастағы ойыншы үздіктер арасында Лионель Месси, Вирджил Ван Дейк және Мохамед Салахты сияқты мықтыларды артта қалдырды. Португалиялық Globe Soccer Awards марапатын қатарынан төртінші рет алды.

Сонымен қатар басқа номинациялар бойынша сыйлықтар берілді:

Ең үздік клуб - «Ливерпуль».

Үздік жаттықтырушы - Юрген Клопп («Ливерпуль»).

Үздік қақпашы - Алисон Бекер («Ливерпуль»).

Жылдың ашылуы - Жоау Фелиш (Атлетико).

Қыздар арасында 2019 жылдың үздік футболшысы - Люси Бронц (Англия).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0