Видаль «Барселонаны» сотқа берді

Видаль «Барселонаны» сотқа берді

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Артуро Видаль клубтың үстінен шағымдануды шешті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Чили елінің футболшысы католондықтарды келісімшартта жазылған 2,4 миллион еуро қаржыны төлемеді деп айыптайды. Видальдың айтуынша команда сапында маусымдағы 60 пайыз ойынға қатысса осы ақшаны клуб басшылығы төлеуі керек екен. 
Алайда, «Барселонаның» да оған айтар уәжі бар. 2,4 миллион еуроны алу үшін Видаль алаңда кемі 45 минут өткізуі тиіс екен. Ал, чилилік ойыншы болса біраз матчтар екінші таймда алаңға шығып жүрді. 
Батыс басылымдары Видаль қысқы трансфер кезінде миландық «Интер» қатарын толықтырады деп жарыса жазуда. 32 жастағы футболшы италиялықтармен келісімшарт жасасып қойған да көрінеді. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или