Роман Старченко: Өз ойынымызды өзіміз бүлдірдік
«Барыс» ХК шабуылшысы Роман Старченко Prosports.kz тілшісіне мәскеулік «Динамомен» (3: 4) болған матчтың нәтижелері туралы қысқаша сұхбат берді.
- Бірінші кезең сәтсіз аяқталды. «Динамо» ойынды сенімді бастады, біз екі гол жіберіп алдық. Екінші және үшінші кезеңдерде ойынымыздыРоманСтарченко: қалпына келтіріп, ойын-өрнегін қолымызға алып, оны теңестіре алдық.
- Команда неге жеңілді?
Ойын басында тым әлсіз ойнадық. Содан кейін есепті теңестіруге көп күш жұмсалды. Өз ойынымызды өзіміз бүлдірдік.
- СКА-мен болған ауыр ойыннан кейін, бүгінгі матч алдында алаңдаушылық болды ма?
Жоқ, барлық ойынды ауыр деуге болады. Қазір жеңіл матчтар жоқтың қасы.
- Соңғы өз алаңдарыңдағы матчтардың нәтижелері туралы не айтасың?
Бұл туралы айтуға әлі ерте, алда екі ойын бар.
- Келесі екі матчта жақсы нәтижеге жету үшін нені жақсарту қажет?
Менің ойымша бұл тәртіп. Ойынға көп ықылас, мінез керек. Екінші және үшінші кезеңде ойнағанымыздай, алғашқы минуттардыда жақсы бастау қажет.
- «Барыс» пен «Динамо» арасындағы соңғы үш кездесу овертайммен аяқталды...
Мұз үстіне шыққанда, оның болуы немесе болмауы туралы ойламайсыз.
- Ойыннан кейін бапкер не деді?
Ол әңгіме киім ауыстыратын бөлмеде қалсын.