Тұрсынбай Құлахмет 2019 жылғы маусымды қорытындылады

Тұрсынбай Құлахмет 2019 жылғы маусымды қорытындылады

<span>Биылғы маусымда жанкүйерді жеңіспен қуантқан спортшылардың бірі – Тұрсынбай Құлахмет. Бокстан 75 келіде сынға түскен ол осы салмақтағы көшбасшылардың біріне айналды. Olympic.kz сайтына шағын пікір білдірген боксшы 2019 жылдың өзі үшін жаман болмағанын айтты. </span>

<span>«Бұл жылға өкпем жоқ. Дәл осы маусымда бокстағы алғашқы ірі жеңістеріме қол жеткіздім. Өз мансабымда тұңғыш рет бокстан Азия чемпионы атандым. Елімізде өткен Президент кубогі додасында топ жардым. Ал Ресейде өткен әлем чемпионатында қола жүлде бұйырды. Әрине, алтын медаль тағамын деп барғам. Бірақ спортта бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Енді алдағы маусымға тас-түйін дайындаламыз. Бапкерлер лицензиялық турнирлерге кімдердің баратынын әлі айтқан жоқ», - деді Тұрсынбай. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или