Карпович «Оқжетпестің» бас бапкері қызметінде қалды

Карпович «Оқжетпестің» бас бапкері қызметінде қалды

«Оқжетпес» футбол клубы бас бапкер Андрей Карповичпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақмола облысының әкімі, облыстық футбол федерациясының президенті Ермек Маржықпаев «Оқжетпес» клубының басшыларымен және бапкерлерімен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша Андрей Карповичпен ынтымақтастық жалғасын табатын болды.

Сонымен қатар, клубтың жаңа маусымға жоспарлары мен міндеттері, аймақта балалар мен әйелдер футболын дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, өткен маусымда «Оқжетпес» Карповичтің жетекшілігімен Премьер лигада жетінші орынға ие болған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или