Сергей Деревянченко: Альвареспен де кездесіп, келісерміз
Орта салмақтағы украиналық боксшы Сергей Деревянченко Сауль Альвареспен жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді, деп жазады Prosports.kz.
«Мен «Канеломен» жекпе-жектен мүлдем бас тартқан жоқпын. Келісім нәтиже бермеді, олар санкциялардың барлық түрін дайындап қойған. Егер сіздің бір фунт (450 грамм) болса да, артық салмағыңыз болса, онда миллионға жуық айыппұл салынады.
Олар осындай келісім жасап тастаған, сондықтан барлық жерде тұзақ құрып қойған деуге болады. Олар менің менеджерім <span>айтқ</span>ан соманы беруге келіспеді. Біз 7 миллион доллар алғымыз келді, олар тағы келіспеді. Альварес 35 миллион доллар көлемінде сыйақы алатын еді.
Олар <span>«</span>міне, Джейкобс екеуміз жұдырықтастық, жеңдік, екеуміз де ризамыз, ал Деревянченко одан ұтылып қалса да, көп ақша алғысы келеді. Қанағат қылу керек» дейді.
Енді мен Америкаға барамын, сөйлесерміз, келісерміз. 2020 жылы Альвареспен шайқас ұйымдастыруға тырысамыз», дейді украиналық боксшы.