Боб Арум Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

Атақты промоутер Боб Арум орта салмақтағы WBA тұрақты чемпионы жапониялық Риота Мурата мен Геннадий Головкин немесе Сауль Альварес арасында жекпе-жек ұйымдастырмақшы, деп жазады Prosports.kz.
<span>Top Rank басшысы мұндай мәлімдемені Мурата 23 желтоқсан күні Йокогамада (Жапония) канадалық Стивен Батлерді жеңіп, титулын қорғап қалған соң жариялады.<br /></span>
<span>Оның айтуынша, келесі жылы орта салмақтағы IBF чемпионы Головкин немесе WBA чемпионы Альваресті Жапонияға шақырып, Муратамен жұдырықтастыруды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша бұл жекпе-жек 55 мың адамға арналған «Токио Доум» стадионында, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары алдында өтуі мүмкін. </span>
<span>- Біз «Канело» немесе Головкинді Токио Олимпиадасының алдында «Токио Доумда» Муратаға қарсы өте үлкен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға шақыра аламыз деп үміттенемін. Екі боксшы да Жапонияға келіп, Муратамен кездесуге келісетінін айтқан. Біз бұл жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз деген ойдамын, - дейді Боб Арум. </span>