«Әйелдер арасындағы GGG» өзінің мансабы жайлы фильм түсірді

«Әйелдер арасындағы GGG» өзінің мансабы жайлы фильм түсірді

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова өзінің Инстаграмында өзінің мансабы туралы түсірілген фильм туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фильм 4 кинофестивальге қатысты және жақында көпшілік назарына ұсынылады. Фильм жарыққа шыққанға дейін сұхбат та шығады. Сұхбаттар орыс тілінде түсірілген, бірақ ағылшын тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.

Леди Спарта фильмі Мәскеуде (Ресей), Лос-Анджелесте (АҚШ), Матерада (Италия) және Алматыда ұсынылды. Бұл кинофестивальдерге қатысқан бокс туралы алғашқы қазақстандық фильм.

Еске салайық, 28 шілдеде «әйелдер арасындағы GGG» алты раундтық кездесуде мексикалық Дианна Гонсалестен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или