“ПСЖ” көшбасшылығын нығайта түсті
Франция бірінші лигасының 19 тур аясында “ПСЖ” футбол клубы өз алаңында “Амьен” командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Алаң иелері сапынан Мбаппе дубльмен көзге түссе, Неймар мен Икарди бір-бір голдан соқты. Қонақтар сапынан Стивен Мендоза мергендігімен танылды. <br />Бұл париждіктердің қатарынан алтыншы жеңісі. Жарыс кестесінде Томас Тухельдің командасы 45 ұпаймен жеке дара көш бастап келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или