«Аңыз 10. Сегізбаев» деректі фильмі қашан көрсетіледі
Даңқты футболшы Тимур Санжарұлы Сегізбаев туралы деректі фильмінің эфирге қашан шығатыны белгілі болды.
«Аңыз 10. Сегізбаев» деректі фильмі «Хабар» телеарнасының эфирінде 21 желтоқсан сағат 17:20-да, ал Хабар24 арнасында 22:00-де көрсетіледі.
Деректі фильм әйгілі кеңестік, қазақстандық футболшы, «Қайрат» командасының ойыншысы, КСРО спорт шебері, Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың өмір жолы мен спорттық мансабы туралы баяндайды.
<span>Тимур Сегізбаев клуб үшін 200-ден астам матч өткізген. Ол 29 жасында ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін, Сегізбаев жаттықтырушы болып жұмыс істей бастады. «Автомобилист», «Шахтер», «Қайрат», «НДРЙ» и «Мелиоратор» секілді командалардың тізгінін ұстаған. </span>