Айдос Ербосынұлы қатысатын бокс кешінің тікелей трансляциясы
Бүгін Ресейдің Красноярск қаласында қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының қатысуымен бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Ербосынұлы <span>венесуэлалық Омар Гарсиямен</span> жекпе-жекте WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental титулдарын қорғайды. <span>Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. </span>
<span>Қос боксшы де салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 0,3 келі ауыр тартты. Оның салмағы - 76,1, ал қарсыласы -75,8 келі.</span>
Ал бұл кештің басты жекпе-жегінде Денис Лебедев пен Табисо Мчуну жұдырықтасады.
Бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Жекпе-жектерді Матч боец арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал қайталауын «Хабар» арнасы 23:30-да көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или