Неге «Ювентус» ойыншыларының есімдері жейделеріне арабша жазылатын болды
![Неге «Ювентус» ойыншыларының есімдері жейделеріне арабша жазылатын болды](https://prosports.kz/upload/news/content/204253_506bd55ba8b320cd78fd9fb5db74f7d9.jpg?v=28700693)
Туриндік «Ювентус» Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтетін Италия Суперкубогына арнайы жейде тіктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ювентус» ойыншыларының есімдері жейдеге араб әріптерімен жазылса, нөмірлер өрме жазумен көмкеріледі. Бұл форма саудия-марокколық каллиграфия суретшісі Шакер Қашғаримен бірлесе отырып жасалды.
Италия Суперкубогы матчы 22 желтоқсан күні «Ювентус» пен «Интер» арасында «Кинг Сауд» стадионында өтеді.
Еске сала кетелік, өткен маусымда А сериясының жеңімпазы атанған «Ювентус» пен Италия кубогын жеңіп алған «Лацио» Суперкубокқа таласуға мүмкіндік алды.
Una maglia speciale per la #Supercoppa Italiana!
— JuventusFC (@juventusfc) 20 декабря 2019 г.
Scoprite perché https://t.co/oPjoVy1E9h
On sale, now https://t.co/2WXK36SwpO#JuveLazio #LiveAhead pic.twitter.com/sjscdv0iMI