Джейкобс кіші Чавесті уақытынан бұрын жеңді

Джейкобс кіші Чавесті уақытынан бұрын жеңді

АҚШ-тың Финиксінде кезекті бокс кеші өтті. Басты кездесу америкалық Дэниел Джейкобс пен Хулио Сезар Чавес арасында болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек әу баста екінші орта салмақта өтуі тиіс болатын, алайда Чавес салмақ шектеуінен асып кетіп, Джейкобсқа  бір миллион АҚШ долларын төледі.

Алғашқы екі раундта мексикалық боксшы белсенді қимылдап, тура соққылар бермек болды. Америкалық үшінші раундта есін жиып, басымдықты қолға ала бастады. Хулио бұл кезде қарқынын азайтып, қарсылық көрсете алмады. Ал бесінші раундтан кейін мексикалық қолының сынғанын айтып, жекпе-жекті тоқтатуды өтінді

Айта кетелік, Дэниел кәсіби мәнсабындағы 36-ншы жеңісін тойлады және оның еншісінде үш жеңіліс те бар. Кіші Чавес болса  51 жеңістің иесі, 1 жекпе-жегін тең аяқтаса, бүгінгіден кейін жеңілісінің саны 4ке жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или