«Барыстың» бас бапкері: Подольскіде жеңіске жету оңай шаруа емес
«Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка өз командасы «Витязьді» жеңгеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Prosports.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап
- Подольскіде ойнау оңай емес. «Витязь» - мықты команда. Бірінші кезеңнін алғашқы жартысында олар жылдам қимылдады. Біз керісінше, ойынды нашар бастадық. Қақпамызға шайба жіберіп алғанымызға қарамастан, екінші кезеңнің ортасында ойынымызды түзеп алдық. Олар да таразы басын тез теңестіре қойды.
Екінші кезеңде есепте де, ойынның сапасы жағынан да алға шықтық. Үшінші кезеңде қос команда да қалжырай бастады. «Витязьде» көп гол соғатын мүмкіндік болды. Хенрик Карлссонға рахмет, - деді Скабелка.
Еске сала кетелік, кеше ҚХЛ тұрақты чемпионатында елордалық «Барыс» сырт алаңда Подольскінің «Витязін» 5:2 есебімен жеңген болатын.