Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі кімнің голы үздік болып танылды
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ең ғажап гол анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Ең үздік голдың авторы болып, «РБ Лейпциг» командасының ойыншысы Марсель Забитцер танылды. Оның «Зенит» (2:1) қақпасына соққан голын көрсеңіз, асқан шеберлікпен соғылған доп екеніне куә боласыз.
Айтпақшы, дауыс беру кезеңінде Забитцер «Барселона» шабуылшысы Луиса Суаресті («Интерге» соққан голы, 2:1), «Интер» футболшысы Лаутаро Мартинесті («Славия» қақпасын дәл көздеді, 3:1) және «Ювентус» жартылай қорғаушысы Дуглас Костаны («Локомотивке» соққан голы, 2:1) жолда қалдырды.
Тамашалайық:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или